«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Жастар «Нұрлы Жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсаттарын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреді – Жұмабаев

Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының IХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Оңтүстік Қазақстан 27 Наурыз, 17:46

Іс-шараға «Жас Отан» ЖҚ облыстық кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының басшылары,  аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады облыстық филиалда.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы талқыланып, «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III Съезіне делегаттар сайланды.

«Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар Отанға!» бағдарламасы жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайтын құжат деп есептеймін», - деді «Жас Отан» ЖҚ облыстық кеңесінің мүшесі, «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамдық қорының төрағасы Александр Водолацкий.

Бағдарлама аясында жастарға қызығушылықтары бойынша үйірмелер, аула клубтары және тағы басқаларды пайдалана отырып, тұлғаның барлық сипаттағы қабілеттерін анықтау мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстанның жас және еркін азаматтары «Нұр Отан» партиясымен бірге өз қуатымыз бен білімімізді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдырамыз. Біз «Нұрлы Жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсатымызды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреміз», - деді Шымкент қалалық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрдаулет Жұмабаев.

Тарихи дамудың 15 жылы ішінде біз еріктілер қозғалысынан толыққанды ұйымға дейінгі жолдан өтіп, Елбасының Мемлекеттік бағдарын жақтаушы жастар коалициясының негізіне айналдық.  

Бүгінде «Жас Отан» еліміздің барлық аймақтарында жастармен бірлесе жұмыс істейді. Біз бәріне ашықпыз – Қазақстанның барша жастарының тілектері мен мақсаттары біз үшін маңызды әрі жанымызға жақын. 

«Жас Отан» – «Нұр Отан» партиясының келешегі. Елбасы – Партияның негізін қалаушы, оның басшылығымен Қазақстан халқы қарқынды даму үстіндегі мемлекет құрды. Біз - оның идеяларын таратушылармыз.

 

 

 





Яндекс.Метрика