Ұлттың денсаулығы

ДДСҰ оқулары барысында қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің (ҚДСЖМ) базасында «ДДСҰ оқулары» өз жұмысын бастады.
Астана қаласы27 Наурыз , 17:26

ДДСҰ  баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іс-шараға қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, кафедра оқытушылары, практикалық дәрігерлер, сонымен қатар ҚДСЖМ магистранттары мен докторанттары қатысты.

ҚДСЖМ (Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі) ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы Келісімге сәйкес 1997жылы құрылған.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған ДДСҰ оқуларының сериясы  жаңа халықаралық материалдармен танысуға бағытталған.

Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының қызметкерлері  репродуктивті денсаулық мәселелеріне арналған ДДСҰ оқулары  циклын бірінші болып бастады. Пікірталас модераторы ҚДжӘҒ кафедрасының меңгерушісі, ДДСҰ сарапшысы, м.ғ.д. А.М. Арынғазина болды.

ДДСҰ оқуларында  әйелдер мен еркектердің  репродуктивті денсаулығына байланысты өзекті мәселелер талқыланды, бір ерекшелігі – барлық өмірлік жағдайлар көп жылдық тәжірибе мен жинақталған материалдар негізінде  құрылған сурет үлгісінде көрсетілді.

Жасөспірімдер денсаулығы да өзекті тақырыптардың бірі болды, мұндағы статистикалық мәліметтердің өзі көп жағдайды баяндады. Ал гендерлік саясат мәселесі сұрақ-жауап түріндегі пікірталасқа ұласты.  Феминизм және әйелдер құқығы жайлы мәселелер викториналық сұрақтар арқылы өрбіді.  Гендерлік зорлық-зомбылық және психикалық денсаулық мәселелері практикадан алынған шынайы оқиғалармен расталды.    

Осы ДДСҰ оқуларының бірінші іс-шарасына қатысушылар  аталған шарадан үлкен әсер алды. Олар  ДДСҰ стратегиялық бағыттары мен ғаламдық денсаулық мәселелерін жариялауға арналған  келесі ДДСҰ оқуларының да осы сияқты табысты өтуіне тілек білдірді.  

ДДСҰ оқулары жыл бойы өтеді. Оны ҚДСЖМ кафедралары Тұтынушылар құқығын қорғау департаментімен, ғылыми орталықтармен, Этикалық комитетпен, Ардагерлер үйімен және т.б. бірлесе өткізетін болады.

 




Яндекс.Метрика