Евразиялық одақ

Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғалымдары БҚО-да еуразиялық интеграцияның болашағын талқылады

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан Еуразиялық интеграциялық жоба құрамында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Батыс Қазақстан28 Наурыз , 12:14

Интеграция мәселелерін меңгерумен айналысатын жетекші ғалымдар, Қазақстан мен Ресейдің өкілдері еуразиялық интеграция болашағын талқылады. 

Хабарда айтылғандай, Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен шектеседі және интеграциялық процестерде маңызды рөл атқарады.  Бұл туралы «Еуразиялық идея шеберханасы» ғылыми зерттеулерді қолдау қорының, «Еуразия-Поволжье» ақпараттық-талдамалы орталығының және ТМД мен Балтия елдерін зерттеудің ғылыми-оқыту орталықтарының, Н.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің тарих және халықаралық қатынастар институтының өкілдері мәлімдеді.  

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы  БҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Саратовтағы «Еуразия-Поволжье» ақпараттық-талдамалы орталығы мен «Еуразия халқының Орынбор ынтымақтастығы» автономды тәуелсіз қоғамдық бірлестігі арасында «Еуразиялық интеграция прцестері мен болашағы» ғылыми-зерттеушілік консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды.




Яндекс.Метрика