Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Германия арасында инновация және жаңа технология бойынша жақсы алғышарттар бар

Магдебургте виртуалды инженерия бойынша ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде27 Наурыз , 16:54

«Магдебургте құрамына «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» (ТДҰА) басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтілеуов пен Қазақстандық-британдық техникалық университетінің (ҚБТУ) ректоры Искандер Бейсембетов кірген қазақстандық делегацияның іссапары барысында ҚР Германиядағы Елшілігінің қолдауымен Фраунхофер Қоғамы және ҚБТУ арасында виртуалды инженерия бойынша Ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.

Меморандум ҚБТУ базасында «ТДҰА» АҚ қаржылық қолдауымен және Фраунхофер Қоғамының мықты технологиялық әлеуетін белсенді тарту арқылы виртуалды инженерияның орталығын құруды көздейді.

Меморандумға қол қою 2012 жылы ақпан айында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Германияға ресми сапары барысында қол қойылған шикізат, өнеркәсіп және технологиялық шеңбердегі әріптестік жөніндегі үкіметаралық келісімінің жүзеге асуына маңызды үлес қосады.

Аталған бағытта ынтымақтастықты дамыту ғылыми-зерттеу институттар және технология трансфертінің орталықтар дамуына, өнеркәсіптік кәсіпорындардың модернизациясына алдыңғы қатарлы тәжірибе тарту мүмкіндігін береді.

Қазақстандық делегацияның іссапары барысында ғылыми-технологиялық шеңбердегі әрекеттестіктің өзге сұрақтары да талқыланды. Германдық тарап инновация және жаңа технология бойынша елдердің арасында жақсы алғышарттар бар екенін атап, ынтымақтастықты жетілдіруді көздейтініне тоқталды. Соңғы жылдары Қазақстанмен толыққанды инновациялық жүйені құру және инновация облысындағы бастамаларды қолдау бойынша жүйелі шаралар қатары жүзеге асты. Қазақстан және ГФР арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктердің негізі ғана қаланып қоймай, оларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдар да бар.

Фраунхофер қоғамы әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта институттың 17 мыңға жуық қызметкері 80 ғылыми ұйымдарда, соның ішінде Германияның 40 қалаларындағы 59 институтында және АҚШ, Еуропа, Азия елдеріндегі филиалдар мен өкілдіктерінде шоғырланған.




Яндекс.Метрика