«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанда қолжетімді баспана салуға 145 миллиард теңге бөлді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі елімізде қолжетімді баспана салу үшін 145 миллиард теңге бөлді, деп хабарлады Парламент Сенатының депутаты Ертарғын Астаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы27 Наурыз , 14:33

«Бәйтерек» ұлттық қорынан қолжетімді баспана салуға 145 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл 92,5 миллиард теңге бөлініп, оған 1 миллион 483 мың мың шаршы метр тұрғын үй немесе 29 мың пәтер салынады»,-деді Е.Астаев.

Сонымен қатар ол бірқатар жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтатылып, 2016 жылға қалдырылғандығын атап өтті.   

Жалпы алғанда, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Ұлттық қордан 2015 жылы 686 миллиард теңге қарастырылды.

Нақтырақ айтқанда, бағдарламаға сәйкес 207,8 миллиард теңгенің инфрақұрылымдық жобалары қаржыландырылып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына 112,5 миллиард теңге жұмсалатын болады. Қазақстанның халықаралық қаржы институттары тарапынан қаржыландырылатын халықаралық бірлескен жобалардағы үлесі:  39,2 миллиард теңге, АӨК-нін қолдауға 20 миллиард теңге, мектептер құрылысына 17,3 миллиард теңге, «Балапан» бағдарламасына – 12,7 миллиард теңге бөлінетін болады.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика