Адами капитал

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Каир қаласында тұратын отандастарға Наурыз мерекесін өткізді

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Каир қаласында тұратын және білім алып жатқан қазақстандық азаматтардың, тұрғылықты елдің, БАҚ және мәдениет өкілдерінің қатысуымен «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік шараны өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде27 Наурыз , 16:23

«Шара барысында Елшілік аумағында ұлттық бұйымдар мен кәдесыйлармен безендірілген киіз үй орнатылды. Дипмиссия қызметкерлері мен қазақстандық студенттер халық әндер мен билерді орындап, түрлі сайыстар өткізілді, солардың ішінде балалар шығармашылығы және қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу сайысы ерекше қызығушылық тудырды. «Қазақша күрестен» және басқа дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Көктем мерекесінің қарсаңында қазақстандық Елшілік мысырлық жастар мен қазақстандық студенттердің қатысуымен Ұлы мысыр пирамидалары алдында флешмоб ұйымдастырып, барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен бейнеқұттықтауын дайындады.

Жыл сайын Наурыз мейрамының Каир қаласында тойлануы игі дәстүрге айналып, жергілікті халықтың қызығушылығын жылдан жылға арттыруда.




Яндекс.Метрика