Инфрақұрылымның дамуы

БҚО-да тұрғын үй құрылысына 2,2 млрд теңге бағытталды

Батыс Қазақстан облысында 2015 жылдың 2 айында тұрғын үй құрылысына 2,2 млрд теңге инвестиция бағытталды, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10 пайызға жоғары, деп хабарлады облыстың ІСБ.
Батыс Қазақстан27 Наурыз , 18:19

Хабарланғандай, пайдалануға берілген тұрғын үй мекемелерінің жалпы аумағы  38,2 мың шаршы метрді құрады.

«2015 жылы халық қаржысына  26,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Республикалық бюджет есебінен 7,4 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді», - делінген хабарламада.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 5,3 млрд теңгеге орындалды. Ол 2014 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 35 пайызға жоғары.




Дерекнама

Яндекс.Метрика