Қалаларға шоғырлану

Астаналық кәсіпкерлер жер қатынастарын шешудегі жаңалықтардан хабардар етілді

Мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлерді алдағы жылдары болатын өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар етті. Бұл туралы елорданың кәсіпкерлер палатасында өткен «Кәсіпкерлік сағатында» мәлім болды.
Астана қаласы27 Наурыз , 15:48

Аталмыш жиында кәсіпкер азаматтар сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдеріне өздерін толғандырған сауалдарды қойып, өзара пікір алмасты.

«Кәсіпкерлік сағаты» диалог алаңы бизнес өкілдеріне, жұмыс барысында туындаған өзекті деген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тікелей тілдесулеріне үлкен мүмкіндік жасады.  

«Бизнес өкілдері өрт қауіпсіздігі ғимараттарын аттестациялау, жалпыға ортақ нормаларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту және елордадан жер учаскелерін бөлудегі қиындықтар туралы білгілері келетіндіктерін жеткізді. Ал сәулет және қала құрылысы бойынша тараптар кәсіпкерлердің өтініштерін жеделдетіп қарау жөнінде келісімге келді»,-делінген кәсіпкерлер палатасының  хабарламасында.

Бұған қоса, мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіпкерлерге олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде айтып беріп, бүгінгі қолданыстағы заңнамалдардағы өзгерістер мен жаңалықтар жайында сөз қозғады.   

Жиын соңында мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлерге қол ұшын созуға дайын екендігін, ал астаналық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің бүгінгі шарасы кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасында пайда болған көптеген түйткілді мәселелерді шешуге жол беретін маңызы зор шара деп бағаланды.

 




Яндекс.Метрика