«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қор қаржысы есебінен 34 мектеп салынады

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор қаржысы есебінен 34 мектеп салынады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінде ҚР қаржы вице-министрі Руслан Даленов.
Астана қаласы27 Наурыз , 12:41

«Ұлттық қор қаржысы есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 34 мектеп, 17 балабақша салынады, сондай-ақ «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларда балаларды күтіп-бағу мен оқытуды субсидиялауға 12 млрд теңге бөлінеді», - деп мәлімдеді вице-министр. 

Сондай-ақ Даленов атап өткендей, шағын бизнес 10 жыл мерзімге 6% жарнамен арзан несиелерге қол жеткізеді. 

«ШОБ жобаларына Ұлттық қордан 50 млрд теңге, өңдеуші өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындарға мерзімі мен жарнасы дәл сондай жағдайда 50 млрд теңге,  оған қоса барлық қаржының 50%-ы жаңа жобаларға,  25%-ы ескі жобаларды қайта қаржыландыруға,   25% -ы айналым қаржысына жұмсалады», - деп түсіндірді ол. 

Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, агроөеркәсіп кешеніне де басты назар аударылуда. 

«Субсидияға қатысты басты назар АӨК-не бөлінуде, ол жақта субсидияны тек мал шаруашылығы ғана емес, сондай-ақ қаржы сауықтыруға, АӨК субъектілері алған несиелерді ұзартуға жұмсалады», - деді Р. Даленов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика