Парламент

Азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуы мемлекеттік саясаттың басым бағыты – Е.Астаев

Азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуы мемлекеттік саясаттың басым бағыты, деді бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ертарғын Астаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы 27 Наурыз, 12:34

«Геосаясатта қалыптасқан факторлар мен мұнай бағасының құлдырауына байланысты көптеген мемлекеттерге өздерінің ішкі экономикалық саясатына түзетулер енгізуге тура келіп тұр. Сондықтан Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде мемлекеттің шығыстарын азайтты. Қарастырылған барлық қаржы «көлік инфрақұрылымы, логистика, индустрия, энергетика сияқты ірі инвестициялық жобаларға бағытталуда», - деді Е.Астаев.

Сонымен қатар сенатор  елде жұмсалатын қаржының қатаң саяси бақылауда болатындығын атап өтті.    

«Жалпы алғанда кез-келген бағыттағы қысқартулар елдің әлеуметтік саладағы міндеттерін орындауға кедергі келтірмейді. Себебі азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуы бүгінгі таңда мемлекеттің бірінші кезектегі басым бағыттарының бірі болып отыр»,-деді депутат.  

Айта кетейік, оңтайландыру шараларын қоса алғандағы 2015 жылға жоспарланған республика бюджетінің шығыстары 686,7 миллиард теңгені құрап, 7 244,5 миллиард теңге көлемінде қарастырылуда.  Республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру орташа алғанда жалпы өнімнің 9 пайызын құрады.

Камила Амирова





Дерекнама

Яндекс.Метрика