Адамзаттық капитал

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің артиллериялық бөлімшелерінде лагерлік жиын басталды

2015 жылдың 26 наурызы мен 25 сәуірі аралығында «Қазақстан» ӘҚК оқу-жаттығу орталығында ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің артиллериялық бөлімшелерінде лагерлік жиын өткізілмек, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 27 Наурыз, 20:39

«Далалық лагер жиынының негізгі міндеттері тәуліктің кез-келген уақытында жауынгерлік және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету,таулы-далалы аймақтарда шабуыл жасау және ұрыста қорғану мақсатында жауынгерлік іс-қимыл барысынжоспарлау мененгізуді жетілдіру болып табылады», - делінген хабарламада.

Жиын барысында әскери қызметшілер кез-келген жауынгерлік іс-қимыл жағдайында өз бөлімшелерін басқару кезінде кәсіби шеберліктерін жетілдіретін болады, сонымен қатар бөлімшелер, есептоптар, экипаждар жеке құрамының өзара тәжірибе алмасу мәселелерін әзірлейді.

Офицерлер қарудан дәлдікпен оқ ату және нысананы жылдам ауыстырудағы дәлдеу әдістерін, оқ атпай бағындыру, сондай-ақ жылдың кез-келген мезгілінде қолайсыз ауа-райына қарамастан қаруды меңгеру және мақсатқа жету тәсілдерін үйренеді. Әскери жиынның қорытындысында қатысушылар жауынгерлік атыс бойынша бақылау-тексеру оқу-жаттығуынан және жабық тактикалық әдістемесінен өтеді.

Айта кетейік, аталған жиынға 32363 ә/б (артиллериялық дивизион, реактивті батарея, минаметті батареялар, минаметті взвод, артиллерия бастығының басқарма взводы), 61993 ә/б (артиллериялық батарея, минаметті батарея, «Қазбат» минаметті батареясы, минаметті взвод, артиллерия бастығының басқарма взводы) , 12740 ә/б (артиллериялық дивизион, минаметті батареялар), 29108 ә/б (басқарма, 2 өзі жүретін артиллериялық дивизион, 3 гаубицалық артиллериялық дивизион, 4 дүркін оқ ату зымырандық құрылым дивизионы, басқарма батареясы, жөндеу ротасы, материалдық қамтамасыз ету ротасы) қатысатын болады.

 





Яндекс.Метрика