Адами капитал

Астанада балалар мен жастар БАҚ халықаралық медиафестивалі өтуде

Астанада «Бақытты жұлдыз астында» атты балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының XI Халықаралық медиафестивалі өтуде,деп хабарлады ЕҰУ баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Наурыз , 14:56

Оған Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі аймақтарынан келген жас тілшілер, кәсіби журналистер, балалар мен жастар ұйымдарының, әлеуметтік желілердің өкілдері, жас фототілшілер, тележурналистер, бейнеоператорлар, педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, зерттеушілер мен ата-аналар қатысады.

Шараның мақсаты - балалар мен жастарға арналған БАҚ-тың рухани-мәдени құндылықтар мен азаматтық сана-сезім қалыптастырудағы әсерін күшейтіп, өскелең ұрпақты патриотизм мен толеранттылыққа баулуға атсалысу, балалар мен жастар БАҚ-ын заманға сай дамытуға ықпалдасып, әлемдік стандарттармен бой түзету.

Сондай-ақ, кәсіби бағдар тиімділігін арттыру және заманауи технологияларға қызыққан, сөз өнерін, шешендік өнерді үйренгісі келген жастарды кәсіби тұрғыдан іріктеу, журналист мамандығын меңгергісі келген жастарға жол нұсқап, дұрыс бағдар беру.

Шара аясында «ХХI ғасырдағы балалардың ақпараттық кеңістігі» атты форум қатысушылары мен «Жұлдыз»  БҚҰО  ҚБ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының  көрмесі, ҚР Ата Заңының 20 жылдығына, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан балалары: лайықты өмір сүруге деген құқық» атты дөңгелек үстел, «Жас тілші – 2015» және «Жас Медиа KZ: балалардың /жастардың үздік медиаорталығы» байқауларының  қорытындысы, Жеңістің  70 жылдығына арналған «Біз БЕЙБІТШІЛІК үшін дауыс береміз» атты еске алу акциясы, Кәсіби журналистер мен жас тілшілердің қатысуымен өтетін «Балалардың қоғамдық ақпарттық кеңістігі: ахуалы мен дамуы» атты брифинг, медиафестиваль қатысушыларына арнап өткізілетін журналистика негіздері, ақпараттық менеджмент пен ақпараттық ресурстар туралы шеберлік сыныптары өтеді.

Ең дарынды жас тілшілер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетіне оқуға  шақырылады. «Жас тілші – 2015» байқауының жеңімпаздары «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

 

 




Яндекс.Метрика