Өңірлер

СҚО-да жыл басынан бері 14 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді

Солтүстік Қазақастан облысында 2014 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімін өндіруді облыстың 75 ірі және орта кәсіпорны жүзеге асырды, өнімнің шығарылуы 14 млрд теңгені құрады.
Солтүстік Қазақстан28 Наурыз , 10:05

Ақпарат бойынша, облыстағы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 58%-нан астамы жұмыскерлер саны 50 адамнан артық кәсіпорындармен шығарылады.

Өндірілетін өнеркәсіп өнімі құрылымында электр қуатын өндіру, беру және бөлу (33,1), тамақ өнімдерінің өндірісі (32,3%), машина жасау (14,3), бу беру және ауа баптау жүйесі (11,1%) сияқты қызмет түрлері басым.

Тамақ өнімдерін өндірумен 18 кәсіпорын, машина жасау өнімін өндірумен – 15, электр қуатын өндіру және бөлумен – 14, сумен жабдықтаумен 6 кәсіпорын айналысады.

«Тамақ өнімдерін өндіруде сүт өнімдері (45,4%), нан-тоқаш және ұн өнімдері (22,9), өсімдік майы (14,4) және ұн өнеркәсібінің өнімі (12,6%-ы) жетекші орын алады. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда ірі және орта кәсіпорындар печенье және кондитер бұйымдарын өндіруді 83,3%, ұн өндіруді 22,4%, сүт өндіруді 4,1% ұлғайтты», - делінген хабарламада.

Басқа өнеркәсіп салаларында: жұмыс киімі өндірісінде (4,8 есе), пластмасса бұйымдары өндірісінде (2,6), автокөлік бөлшектері мен жабдықтары өндірісінде (2,9 есе) өсім белгіленген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика