Адамзаттық капитал

Ақмола облысының ҰОС ардагерін 90 жасымен құттықтады

Бұланды ауданының тұрғыны, құрметті ақсақал, Ұлы Отан соғысының ардагері Жақия Қангужин 90 жасқа толды, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола27 Наурыз , 14:04

1943 жылы он сегіз жасар колхозшы Жақия Қангужин қолына қару асынды. Алдымен ол Украинаның фронттық жолының жүздеген шақырымын жүріп өтті.  Пулеметші Винница қаласы үшін қарулы қақтығыста ауыр жарақаттанады. Емделіп шыққаннан кейін жаяу әскер қатарында қорқыныш пен үрейді басып, жауды талқандады.

Майдандастарымен бірге Берлин жертөлесінен қарсыласқан фашистерді алып шыққан.   Соғысты Чехославакияда аяқтаған. Ол көптеген ордендер мен медальдардың иегері. Алайда олардың ішіндегі ең қымбаты  Праганы босатқаны үшін берілген медаль, оны ондаған жылдар өткесін досы Чехославакиядан алып келген. Хабарда айтылғандай, Жақия Қангужин колхоз төрағасы, совхоз директоры, партиялық және кеңестік органдарда жұмыс жасаған кезде жоғары беделге ие болды.

Бұланды ауданының әкімі Қуандық Іспергенов ардагерді мерейтойымен құттықтап, соғыс алаңынан оралған Жақия ата колхоз төрағасы болып жұмыс жасаған кезінде колхоздың дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Ол әрқашан отаны үшін еңбек еткен.

Ардагер туған күнінде айтылған құттықтауларға алғысын айтты, Жақия атаны құттықтауға тумалары мен жақындары ғана емес, мектеп оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлер де келді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика