Адами капитал

И. Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионатты тамашалады

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионатты тамашалады, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 27 Наурыз, 15:31

«Лондон қаласындағы Әулие Мария атындағы университетте өткен студенттер арасындағы чемпионатты тамашалау барысында, И. Ильин Ұлыбритания ауыр атлетика Федерациясының атқарушы директоры Эшли Мэткафпен кездесті», - делінген хабарламада.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы жарысқа қатысушы британдық студенттермен кездесіп, өзінің жаттығу процесі, алдағы жоспарлары және Қазақстан спортының даму келешегі жөнінде баяндады.

Іс-шара соңында, И. Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионаттың жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.





Яндекс.Метрика