Адами капитал

Қазақстандықтар жыл басынан бастап 30,5 млрд. теңге әлеуметтік жәрдемақы алды

2015 жылғы қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 29,3 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 1,2 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан27 Наурыз , 15:13

«Қазіргі кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 490,9 мың адам, асыраушысынан айырылғаны үшін 178,7 адам, жасы бойынша 5,6 мың адам алады», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері осы кезеңде мүгедектігі бойынша 22 487 теңгені, асыраушысынан айырылғаны үшін 20 222 теңгені, жасы бойынша 11 110 теңгені құрайды.

Одан басқа, бүгінгі күні республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 31,8 адам алады.Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақының көлемі көтерілуіне сәйкес 18 671 және 16 610 теңгені құрады.




Яндекс.Метрика