«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Отандық автокөліктерді сатып алуда жеңілдетілген несие мөлшері 4 пайыздан аспайды

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында еліміздің Ұлттық қорынан жеңілдетілген несиеге 15 миллиард теңге бөлінеді. Осыған қарай қазақстандықтар отандық автокөлікті пайыздық көрсеткіші 4 пайыздан аспайтын несиеге сатып ала алады, деді Қаржы вице-министрі Руслан Даленов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы27 Наурыз , 11:22

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында азаматтар отандық көліктерді ставкасы 4 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несиеге 3-5 жылға дейін сатып ала алады. Бұл бағытқа мемлекеттен 15 миллиард теңге бөлінгелі отыр. Аталмыш қаржы шамамен елімізде шығарылған 4-6 мың көлікке жетеді. Ал, көліктердің саны олардың үлгісі мен жабдықталуына байланысты құбылады»,-деді вице-министр.

Бұл ретте ол еліміздің азаматтарының жалға берілетін тұрғын үйлерді де ала алатындықтарын жеткізді. Жалға берілетін үйді алған азаматтың оны кейін сатып алуына да алмауына да болады. Бұл бағытқа биылғы жылы 92,3 миллиард теңге бөлінбек.        

«Биылғы жылы жарты милллион шаршы метрге жуық тұрғын үй немесе 10 мың пәтер салынады. Ел азаматтары бұл үйлерге кезек ретімен қол жеткізетін болады»,-деді министрдің орынбасары.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика