Инвестициялар

Батыс Қазақстанда 2015 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 26,5 млрд теңгені құрады

2015 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қайта бағалау есебімен 26,5 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың қаңтар-ақпаны деңгейіне 120,6% құрады, деп хабарлады БҚО статистика департаменті.
Батыс Қазақстан27 Наурыз , 12:02

«Инвестициялардың технологиялық құрылымының 34,2%-ын ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 27,6%-ын – машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 38,2%-ын – басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады», - делінген хабарламада.

2015 жылдың қаңтар-ақпанында инвестициялық салымдардың 83,8% өнеркәсіпке, 8,5%-жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 2,1%-ақпарат және байланысқа бағытталған.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (11,6 млрд.теңге), Зеленов (10,0 млрд.теңге) аудандарында және Орал қаласында   (3,7 млрд.теңге) байқалады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика