«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 43 млрд теңге игерілді - Даленов

Қазіргі таңда Ұлттық қордан бөлінген 43 млрд теңге игерілді, оның ішінде 23 млрд теңге бюджет желісі бойынша, 20 млрд теңге «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша, бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінда ҚР қаржы вице-министрі Руслан Даленов мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Наурыз, 10:58

«Осылайша, бүгінгі таңда Ұлттық қордың 43 млрд теңгесі игерілді, соның ішінде бюджет желісі бойынша 23 млрд теңге, «Бәйтерек» желісі бойынша 20 млрд теңге. 23 млрд тенге бюджет қаражаты республикалық деңгейдегі көлік жолдарының құрылысы бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген», - деді ол. 

Бұл ретте Даленов ағымдағы айда аталмыш желі бойынша («Бәйтерек» жолдингі желісі бойынша  автордың еск.) 20,3 млрд теңге игерілді  ол ары қарай тұрғындар арасында бөлу үшін жалдамалы тұрғын үй сатып алуға арналған.  

Сонымен қатар вице-министр жалпы 2015 жылы 207,8 млрд теңге инфрақұрылым жобаларына, ТКШ және тұрғын үй құрылысына 113,5 млрд теңге, халықаралық ұйымдармен бірге жасалатын халықаралық жобалардағы ҚР үлесін қаржыландыруға 309,2 млрд теңге, АӨК қолдауға 20 млрд теңге, мектептер құрылысына 17,3 млрд теңге, «Балапан» бағдарламасына 12,7 млрд теңге қарастырылғанын айтты. 

Оған қоса вице-министр екінші формат - Ұлттық қордан 262,5 млрд теңге көлемінде облигациялық заим туралы айтты. Ол «Бәйтерек» АҚ арқылы жалға берілетін үйлерге несие беруге, ШОБ-қа несие беруге, ірі бизнеске несие беруге, экспортшылар мен тауар өнідірушілерді қолдауға жұмсалады. 

Еске салсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 2015 жылы 686 млрд теңге қарыстырылған. Қаржыландырудың екі форматы анықталған: бюджет арқылы және «Бәйтерек» холдингіне займ беру арқылы. «Нұрлы жол» бағдарламасын бюджеттік қаржыландыру көлемі 423,5 млрд теңгені құрайды.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика