Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақмола облысында 2015 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 5,7 пайызға көбейді

2015 жылдың қаңтар-ақпан айында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 19795,9 млн. теңгені құрады және 2014 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 5,7%-ға көбейді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Ақмола27 Наурыз , 12:21

«2015 жылдың қаңтар-ақпанында айында аралас және азық-түлік, азық-түліктік емес базарларда, дара кәсіпкерлерден сатып алу есебінен алынған бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 12170,1 млн. теңгені құрады, тұрақты бағамен бұл көрсеткіш 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9-ға көбейді», - делінген хабарламада.

Базарлар мен дара кәсіпкерлердің бөлшек сауда тауар айналымының үлесі тауар айналымның жалпы көлемінде 61,5%-ды құрады.

2014 жылдың қаңтар-ақпанында сауда кәсіпорындарындағы бөлшек сауда тауар айналымының көлемін сатудың барлық арналары бойынша тауар айналымның жалпы көлемінде 38,5%-ды құрады (7625,8 млн. теңге) және 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар айналым көлемі 10,2%-ға азайды.

2015 жылдың қаңтар-ақпанында көтерме сауда тауар айналымы 35213,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 0,2% азайды. 

2015 жылдың қаңтар-ақпанында қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі 1103,8 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету  және жөндеу бойынша көрсетілген қызмет көлемі 246,9 млн. теңгені құрады. Қызметтің жалпы көлемі жеке меншік нысанды кәсіпорындар арқылы көрсетілді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика