Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: «Аврора» өндірістік кешені 40-тан астам препараттың шығарылымын жолға қойды

«Аврора» өндірістік кешені 40-тан астам препараттың шығарлымын тіркеді және жолға қойды, деп хабарлады «NADLoC» жергілікті дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ «Аврора» ӨК-ге сілтеме жасай отырып, Strategy2050.kz АА-ға.
Астана қаласы27 Наурыз , 10:42

 «Аврора» өндірістік кешені медициналық ұйымдардың, коммуналдық мекемелердің, тамақ өнеркәсібінің қажеттілігіне арналған  залалсыздандыратын және антисептикалық дәрілер шығаратын отандық зауыт.  2012 жылдан бері 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемалі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып келеді.  

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 10,8 мың тоннаны құрайды. Өндіріске тартылған инвестиция құны 970 000 000 теңгеден астам соманы құрайды.  Кешен 40-тан астам препаратты тіркеп, олардың шығарылымын жолға қойды.  

Кәсіпорын Орталық Азиядағы залалсыздандыратын құралдар өндірісі бойынша ең ірі және заманауи зауыт болып табылады, сондай-ақ ТМД-дағы ірі зауыттардың бірі.  Компанияның басты міндеті - ұқсас өнімдердің импортын алмастыру.  

Бүгінгі таңда зауыт жаңа рецептураларды әзірлеу бойынша Германияның, Ресей мен Белоруссияның жетекші ҒЗИ-мен тығыз байланыс орнатқан.  Залалсыздандыратын дәрілердің өндірісіне қажет шикізатты жеткізушілер - Akzonobel, BASF, Huntsman, Clariant секілді жетекші еуропалық химиялық концерндер.

2014 жылы Ресей Федерациясының 15 өңірінде өзіндік сауда желісінің филиалдары ашылды. Қазіргі таңда Ресейге 300 тоннадан астам өнім жөнелтілді. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика