Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ШҚО-да ЖОО түлектері үшін жыл сайынғы мамандар жәрмеңкесі өтті

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да дәстүрлі жыл сайынғы мамандар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Шығыс Қазақстан27 Наурыз , 10:21

Шараға  Астананың, Курчатовтың, Өскеменнің ірі кәсіпорындарының 50-ден астам жұмыс берушілері қатысты.

Жәрмеңкені ашқан университет ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нұрлан Темірбеков бұл шараның тиімділігін түлектер ғана емес, жұмыс беруші кәсіпорындар да әлдеқашан бағалағанын айтты.

«Біздің бүгінгі жәрмеңкеміздің қонақтары – Қазақстанның әр түкпірінен келген өкілдер,- деді ол. - Олар Алматы ядролық физика институтының, Екібастұздан «Проммашкомплект» ЖШС, «Локомотив құрастыру заводы»АҚ, Астанадан «Қазақстанның автомобиль жолдары – құрылыс технологиялары» ЖШС, «Жүйелі зерттеулер компаниясы» ЖШС және басқалар. Жұмыс берушілер арасында облысымыздың ірі кәсіпорындары өкілдері бар.

Жәрмеңкеге қатысушылардың бірі университеттің бұрынғы студенті, ҚР инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев. Ол ЖОО бұрынғы көптеген түлектері сияқты жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде келді.

Оқу бітіретін студенттердің пікірінше мұндай шаралар өте маңызды. Бұл жұмысқа орналасуға үлкен пайдасын тигізеді.

Жәрмеңке барысында студенттер жұмыс берушілермен әңгімелесіп, олардың талабын, еңбекке ақы төлеу шартын сұрап білді, алдын ала тілдесіп, жұмысқа орналасу жөніндегі үш жақты келісімге келді.




Яндекс.Метрика