Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қызылорда облысының ауыл тұрғындарына «Денсаулық керуені» аясында медициналық көмек көрсетіледі

Қызылорда облысында «Денсаулық керуені» жолға шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қызылорда27 Наурыз , 10:02

«Ай бойына Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы, Жаңақорған аудандарының 26 елді мекеніне баратын медициналық топ зертханасы, медициналық құрылғыларымен және білікті мамандармен, оның ішінде кардиолог, онколог, терапевт, стоматолог, акушер, хирург сынды дәрігер мамандармен қамтылған», - делінген хабарламада. 

Айта кету керек, жылжымалы медициналық кешен наурыз-қараша айларының арасында облыстың барлық елді мекендеріне барып, медициналық тексеру жүргізеді. Өткен жылы 3 жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен облыс бойынша 135 елді мекеннің 286035 тұрғынына көмек көрсеткен екен.




Дерекнама

Яндекс.Метрика