Евразиялық одақ

ЕАЭО-да өсімдіктер карантині бойынша өкілетті орган жетекшілерінің кеңесі құрылады

ЕАЭО-да өсімдіктер карантині бойынша өкілетті орган жетекшілерінің кеңесі құрылады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өкілетті органдары жетекшілерінің орынбасарлары бас қосқан кеңест е белгілі болды. Шара ЕЭК санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар департаментінің директоры Олег Арнаутовтың төрағалығымен өтті.
Әлемде27 Наурыз , 09:43

ЕЭК хабарлағандай, кеңеске қатысушылар кеңестің құрылуын  сыртқы және өзара сауда кезінде фитосанитарлық  шараларды өсімдік карантинін тиімді өткізуде  өзекті деп тапты. Комиссия тарапынан өкілетті орган кеңесінің  тұжырымдамасын дайындады.

Сондай-ақ, ЕАЭО-да карантиндік өнімге байланысты проблемалық сұрақтар қарастырылды. «Механизмнің мақсаттылығы анықталды, ол фитосанитарлық бақылау жүргізген кезде  жалған фитосанитарлық сертификаттарды анықтайды. Ондай жағдайда келіспеушілік туғанда шара қабылдау үшін келісім орнатылған», - делінген хабарламада.

Оған қоса, карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу үшін мамандарды қосымша оқыту мүмкіндігі қарастырылған, олар Армения, Беларусь, қазақстан  аймағында «Жалпыресейлік өсімдіктер карантині» базасында білім ала алады.

 




Яндекс.Метрика