Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

Талдықорған насос зауыты «Үздік инновациялық жоба» байқауының жеңімпазы атанды

Талдықорған тереңнен су шығаратын насостар зауыты «Үздік инновациялық жоба» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Алматы28 Тамыз , 00:00

«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өткізген «Үздік инновациялық жоба» республикалық байқауының қорытындысы бойынша 2013 жылғы жеңімпазы «Alakol Plant» ЖШС Талдықорған тереңнен су шығаратын насостар зауыты атанды», - деп хабарлады басқармадан.

Басқарманың айтуына қарағанда, зауыт мамандарының қуат жұмсамай су тарту құрылғысының жобасы байқауда үздік танылған. 

«Alakol Plant» ЖШС-ның инженерлері жасап шыққан су шығаратын құрылғы шетелдегі нұсқалардан анағұрлым тиімді әрі электр қуатын пайдаланбайды.

«Бұл әрі экологиялық таза, сенімді, пайдалануға жеңіл, бағасы да қолжетімді», – деп отыр зауыт мамандары.

Олардың айтуына қарағанда осындай айрықша құрылғыға қандай  технология негізі болғаны корпоративтік құпия саналады.

«Қондырғыны ауылдық жерлерде, шалғай елдімекендерде тиімді қолдануға болады. Жаңа құрылғы мал шаруашылығына әсіресе алыс жайлауда, алқаптарды суғаруға өте қажетті», – деп санайды мамандар.

Естеріңізге сала кетсек, республикалық байқауды «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ сарапшылары қатысуымен өткізілуде. Оған өңірлерден биыл 400-ге жуық жоба және бизнес жоспарлар қатысқан.




Яндекс.Метрика