Сайлау-2015

Қазақстанда Президент сайлауы үшін шамамен 10 мыңдай бақылаушы оқытылады - Ерімбетов

Қазақстанда президент сайлауы үшін шамамен 10 мыңдай бақылаушыны оқытады - Ерімбетов
Астана қаласы 26 Наурыз, 17:21

«Біз сайлауды қадағалау бойынша республикалық қоғамдық комиссия құрдық. Біз қазір республика бойынша команда құрдық, бізде шамамен 10 мыңдай бақылаушы болады. Қазіргі таңда барлық сайлау учаскесінде жұмыс жасайтын 9 мың 700 бақылаушының тізімі бар. Біздің қазіргі басты міндетіміз - оларды оқыту», - деді Н.Ерімбетов ОСК отырысында. 

Қоғамдық комиссия мүшелері Қазақстан өңірлері бойынша бөлінді. «Ең бастысы біз үшін бұзушылықтарды тіркеу емес, оларды ескерту. Біздің жұмысымызды ескере келе, біз қандай бұзушылықтар болуы мүмкін екенін, қандайларының болғанын білу.  Осының барлығының нақты көрсетілгенін қалаймыз»,- деп атап өтті комиссия басшысы.

«Біз сайлау рәсімінің ашықтығын және сайлаушылардың еркін тілегін, сондай-ақ бәсекелестік күрес үшін үміткерлерге бірдей талап пен бірдей мүмкіндіктердің берілуін қамтамасыз етуге  ықпал ететін боламыз»,- деді ол.

СҚРҚК мен ОСК басшылығы сайлау компаниясының жүру барысын талқылап, Республикалық қоғамдық комиссия жұмысын аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларымен үйлестіру туралы келісті. 

Камила Амирова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика