Адамзаттық капитал

Қазақстанда әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарға жауапкершілік күшейтілді

2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі мен Әкімшілік құқықбұзушылықтар Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы Амантай Өсербаев мәлім етті.
Астана қаласы26 Наурыз , 16:26

«2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап, ҚР Әкімшілік  Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді. Енді әскери қызметін өтеуден жалтарған азаматтарға 1000 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл салынады және қылмыстық жауапқа тартылады»,-деді ол.

Оның сөзінше, бүгінде заңда тиісті норма бар. «Қазақстан азаматтары заңға бағынып үйренген және олар әскерге шақыру қағазын алысымен бірден әскери комиссариатқа келіп, шақыру комиссиясының тиісті шешімін алады»,-деді А.Өсербаев.

Осы ретте ол әскерге шақырылушылар енді әскери қызметін атқарудан мақсатты түрде бас тартып, жүйелі түрде заңсыздыққа жол беретін болса, оларға айыппұл салынып, қамауға алынатындығын атап өтті.  

Сол себепті Қорғаныс Министрлігі басшылығының алдыға қойған міндеттеріне сәйкес, жергілікті әскери басқару органдары шақыру науқанындағы келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер мен шұғыл шақырылған әскерилер санын 80-де 20 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 70-те 30 болатын.   

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика