Адами капитал

Қазақстанда әскерге шақырылғандардың басым бөлігі әскери қызметке жарамды - Артықов

Қазақстанда әскерге шақырылғандардың көбі әскери қызметке жарамды, деп мәлімдеді ҚР ҚМ Орталық әскери дәрігерлік комиссияның әскери-оқу ғимаратын толықтыру (жинақтау) және әскери қызмектерлерді (әскери міндеттілерді) сараптамадан өткізу бөлімшесінің бастығы полковник Нұржан Артықов.
Астана қаласы26 Наурыз , 16:19

«Егер былтырғы көктеммен салыстырар болсақ, 120 мың әскерге шақырылушы медкомиссиядан өтті. Олардың 77%-ы әскерге жарамды, шамамен 8%-ы бейбіт кезде әскерге баруға жарамсыз болса, 15%-на емделу мен тексеріс қажет», - деп мәлімдеді ол.

Бұл ретте Н.Артықов атап өткендей, әскерге шақырылғандардың шамамен  15%-да терапия саласы бойынша ауру түрлері анықталған, олар кейінге қалдырылып, тексеру мен емделуге жіберілді. 

«Екінші кезекте хирургиялық аурулар - шамамен 13%. Бұл  енбаудың қабынуы, несеп-жыныстық жүйесінің аурулары. Сондай-ақ тірек-қозғалтқыш жүйесінің аурулары, жалпақ табан, сколиоз.  Ары қарай, лор аурулар. Басқа аурулар пайызы осы көрсетілгендерден төмен», - деді ол.

Еске салсақ, әскер қатарына шақыру Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметкерлер мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жылына екі рет ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика