Адамзаттық капитал

Қазақстанда 2015 жылдың 1-ші сәуірінде, көктемгі әскери шақыру науқаны басталады

Қазақстанда «Әскери қызмет және әскерилер мәртебесі туралы» заңына сәйкес, биылғы жылдың 1-ші сәуіріне бастап, азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады, деп хабарлайды ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы Амантай Өсербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы26 Наурыз , 15:44

«1-ші сәуірден кезекті әскерге шақыру науқаны басталады. 2015 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 30 мыңға жуық адам, нақтырақ айтқанда 29 мың адам шақырылуы тиіс. Оның 12 мыңы көктемде,  сәуір мен маусым айларының аралығында шақырылады»,-деді А.Осербаев.

Бұған қоса ол азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру бойынша жергілікті жерлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. «Шақыру комиссиялары құрылды. Сондай-ақ медициналық комиссиялар да ұйымдастырылды. Шақыру комиссияларының барлығы қажетті құрылғыларымен және мамандармен қамтамасыз етілген»,-деді басқарма бастығы.

Қорғаныс Министрлігі баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, 2015 жылдың көктем мезгілінде әскерге кейінге қалдыруға немесе босатылуға  құқық жоқ  18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар мен оқу орындарынан босатылған, жасы 27 толмаған және әскери қызметін өтемеген азаматтар шақырылуы тиіс.   

«ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге 4 мыңға жуық азамат шақырылады. Ал, қалғандары ҚР Мемлекеттік Қорғаныс қызметіне, ҚР Ұлттық гвардиясына, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне жіберілетін болады»,- делінген хабарламада.     

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика