Өңірлер

Қарағанды облысының кәсіпорындары 29,6 млрд теңгені игерді

2015 жылғы қаңтар-ақпанда Қарағанды облысында 57,7% инвестициялар шетелдік меншік нысанды кәсіпорындармен игерілді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Қарағанды26 Наурыз , 20:09

«2015 жылғы қаңтар-ақпанда облыс кәсіпорындары мен мекемелерімен негізгі капиталға салынған инвестициялар 29,6 млрд.теңгеге игерілді», - делінген хабарламада.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың 57,7%-ды шетел меншік нысанды кәсіпорындармен игерілген. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың облыстық көлеміндегі жеке меншіктегі кәсіпорындардың үлес салмағы 40,7%-ды құрады, мемлекет меншігіндегі – 1,6%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің негізгі үлесін имараттар мен ғимараттардың құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары құрайды – 57,7%. Машиналар, құрал-жабдықтар, құрал-саймандар сатып алуға инвестициялардың облыстық көлемінің 40,2%-ы, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарға 2,1% келеді.

Инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпте – 76,8%, оның ішінде өндеу өнеркәсібінде – 53,8%, кен өндіруде – 19,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 3,1% және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 0,3% игерілді.

Өңірлік бөліністе инвестициялардың айтарлықтай көлемі Теміртауда және Қарағандыда игерілді. Оларға негізгі капиталға инвестициялардың облыстық көлемінің 59,9%-ы тиесілі.

 




Яндекс.Метрика