Сайлау-2015

ҚР Президенті сайлауында дауыс беретін бюллетеньдердің мәтіні бекітілді - ОСК (ФОТО)

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерінің мәтінін бекітті.
Астана қаласы 26 Наурыз, 15:32

«Қаулы жобасына сәйкес 26 сәуірге белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерінің саны, сайлаушылар тізіміне қосылған сайлаушылардың жалпы санының  1%-ын қоса есептегенде,   9 миллион  451 мың 57  дана. Оны қорғау деңгейін белгілей отырып, сайлау бюллетеньдерінің мәтінін бекітеміз»,- деді ОСК хатшысы   Бахыт Мелдешов отырыста.

ОСК-да бюллетеньдердің 2015 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей арнайы байланыс арқылы Астана мен Алматы қалаларындағы, облыстардағы сайлау косиссияларына жеткізіледі. Облыстық, Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау комиссиялары 2015 жылдың 24 сәуірінен кешіктірмей сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу мен беруді қамтамасыз етулері тиіс. 

Камила Амирова





Дерекнама

Яндекс.Метрика