Өңірлер

Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлік қызметшілерінің саны 65 мың адамды құрады

2014 жылғы IV тоқсанда орта есеппен алғанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын облыстың шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны 65037 адамды құрады, 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,2%-ға кеміді, деп хабарлады облыстың статистика департменті.
Қарағанды26 Наурыз , 19:31

«Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуді қоса алғанда, көтерме және бөлшек сауда саласында шоғырланған – 27,5%, өнеркәсіпте -18,2%, құрылыста – 16,9%», - делінген хабарламада.

2014 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 76798 теңгені құрады, 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға өсті.

Ең жоғары орташа айлық жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен шұғылданатын қызметкерлерде анықталды – 171549 теңге.

Ең төмен жалақы өзге қызмет (мүшелік ұйымдар қызметі; компьютерлерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтынатын заттарды жөндеу; өзге де дербес қызметтер көрсету) түрлерін ұсынатын жұмыскерлерде құралды – 46770 теңге.

2014 жылғы IV тоқсандағы өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 103699,1 млн. теңгені құрады, өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс – 256603,8 млн.теңге.

Алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 8,6%-ға төмендеді, өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс 1,4%-ға өсті.

Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде құрылыс кәсіпорындарының үлес салмағы 34,8%-ды құрады, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарында – 25,9%-ды, өнеркәсіп кәсіпорындарында – 20,3% (оның ішінде өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарында – 16,5%).

Өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кірістің ең көп үлесі көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен алынды – 59,8%, өнеркәсіпте – 11,6% және құрылыста – 17%.

2014 жылғы IV тоқсандағы шағын кәсіпорындар қызметінің сальдолық қаржылық нәтижесі 8544,4 млн.теңге сомасында пайда ретінде анықталды. Ең көп пайда көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарымен алынған – 3492,3 млн. теңге. Көлік және қоймалау қызметін ұсынатын кәсіпорындарда 478,2 млн. теңге залал шығындалған.

Шағын кәсіпорындардың өнім өндіру және өткізу бойынша шығыстары 111656,2 млн. теңгені құрды, оның ішінде 40,4%-ы материалдық шығындар, 12,8%-ы – қызметкерлердің жалақы қоры, 3,2%-ы - өтелім, 43,6%-ы - өзге де шығындар (банк қарызы бойынша сыйақылар, шығысқа  жатқызылатын салықтар мен басқа да төленетін міндетті төлемдер, қызметтік іссапар кезіндегі тәуліктік ақы).

Шағын кәсіпорындардың қорлары 2015 жылғы 1 қаңтарға 122673,6 млн. теңге сомасында құралды, оның ішінде тауарлар үлесі 55,4%-ды, шикізат пен материалдар үлесі 21,7%-ды құрады, аяқталмаған өндіріс – 9,2%, өзге де қорлар – 8,5%, дайын өнімдер – 4,3%, қайта сатуға арналған мүлік –0,9%.

 

 




Яндекс.Метрика