Өңірлер

ШҚО-да 2015 жылдың ақпанындағы күнкөрістің ең төменгі мөлшері 1,3 пайызға өсті

2015 жылғы ақпанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі мөлшері бір айға есептегенде 18 990 теңгені құрады, бұл өткен айға қарағанда 1,3%-ға көп, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Шығыс Қазақстан26 Наурыз , 18:21

«Азық-түлік қоржыны негізгі азық-түлік өнімдерінің 43 атауын біріктіреді, олардың қатарында: ет, балық, сүт, май-тоңмай, нан, жеміс-көкөніс өнімдері, жұмыртқа, қант, шай және дәмдеуіштер бар», - делінген хабарламада.  

Ең төменгі азық-түлік жиынтығын қалыптастыруда халықтың энергия мен белоктарға деген физиологиялық қажеттіліктері негізге алынады. Ең төменгі азық-түлік қоржынының құны халықтың орташа жан басына шаққанда (сондай-ақ халықтың әртүрлі жыныс-жас және әлеуметтік-демографиялық топтары үшін) негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын бөлшек сауда желісінің өкілдік объектілерінде тіркелген орташа бағаларға көбейту жолымен есептеледі.

Ең төменгі тұтыну қоржыны азық-түлік қоржынынан (ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 60%) және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге байланысты шығыстардан (40%) тұрады.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика