Адами капитал

Әскери ұшақ пен тікұшақ экипажы Астанада өтетін авиа-шоуды дайындауда

Жеңістің 70 жылдығына арналған әскерлер парадының құрамындағы ең ірі шоудың бірі болмақ авиа-шоуға заманауи авиация техникасының 75 бірлігі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінің тоғыз ұшу аппараты қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 26 Наурыз, 17:42

Авиа-шоу алаңдағы парадтың тарихи және заманауи бөліміндегі жаяу шеру және механикаландырылған лектер өткеннен кейін шығады. Әуеге Ми-8, Ми-17, Ми-26, ЕС-145 жауынгерлік тікұшақтары, Ту-134, Ту-154, АН-26, АН-72, С-295 әскери-көліктік авиация ұшақтары және Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиация ұшақтары көтеріледі.

«Алда өткізілетін авиа-шоудың жалпы жоспар-ниеті әзірге құпия ұсталып отыр. Алайда ұшқыштар ұшақтар арқылы «70» санын жасап, яғни мерейтой күнінің нышанына ұқсап тізіліп тұрып, содан кейін жеке және түрлі топтардың жоғарғы пилотажының кескіндемесін орындау идеясын айтуда», - делінген хабарламада.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін лайықты деңгейде құттықтау және ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерін көрсету үшін парадтың қазіргі кезеңіне 185, ал тарихи бөліміне тоғыз білікті тәжірибелі қазақстандық ұшқыш алдын-ала іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта олар белсенді түрде жаттығулармен айналысып, ұшудың теориялық және практикалық даярлық курсынан өтуде. 

 





Яндекс.Метрика