Сайлау-2015

Қазақстан халықаралық бақылаушылармен сындарлы ынтымақтастық орнатуға ниетті - Ыдырысов

Қазақстан алдағы президент сайлауында халықаралық бақылаушылармен сындарлы ынтымақтастық орнатуға ниетті және олар дауыс беру қорытындысын объективті түрде бағалайды деген сенімде. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/АҚДИБ миссиясының басшысы Корнелией Йонкермен кездесуде мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Наурыз, 14:03

СІМ-де хабарлағандай, министр сұхбаттасын ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстары бойынша сыртқы саяси ведомствоның жұмыстарынан хабардар еткен.  Ол Қазақстанның заңнаманың ішкі нормаларына және жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес барынша ашық,  әділ сайлау өткізуді қамтамасыз етуге ниетті екенін және халықаралық бақылаушылармен сындарлы ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

«Сайлауды бақылау демократия мен адам құқықтарын қолдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Қазақстан бақылау процесінің сапасына да аса мән береді», - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.

Сонымен қатар, Е.Ыдырысов ЕҚЫҰ мен басқа де беделді халықаралық ұйымдардың алдыңғы ұсыныстарын ескере келе, дауыс берудің жоғары ұйымдасқан түрін қамтамасыз ететініне сенім білдірді.





Яндекс.Метрика