Білім беру

Қазақстанда шет мемлекеттерден шақырылған мамандар саны қысқаруда – ҚР БҒМ

Қазақстанда шет мемлекеттерден шақыртып алынған мамандардың саны азайып бара жатыр, деді Білім және ғылым-вице-министрі Есенғазы Иманғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы26 Наурыз , 11:51

«Білім және ғылым министрлігі биылғы жылдан бастап, республика мектептерінде үшдеңгейлі бағдарлама енгізбекші. Оған сәйкес, болашақта педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан ұстаздар, 3-4 курстарда қайта оқытылмаулары үшін,  үшдеңгейлі бағдарламалардың мағыналары назарға алынатын болады. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан жоғары оқу орындары бар. Біз қазақ-түрік лицйелері негізінде мынадай мысалдарды келтіре аламыз. Қазіргі уақытта осы лицейлерге білім беру үшін тартылған мамандардың 14 пайызы осында қалып қояды. Олар бірте-бірте ағылшын тілінен де сабақ бере алатын  қазақстандық мамандармен алмастырылады»,-деді Е.Иманғалиев.

«Негізінен арнайы шақырылған мамандардың қатарына жаратылысты-математикалық циклды ағылшын түрінде үйрететін педагогтарды қосуға болады»,-деп қосты ол.  

Вице-министр сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектептері тарапынан ұсынылған педагогтарға арналған үшдеңгейлі бағдарламалар арнайы курстар мен аттестациядан өткен соң ұстаздардың айлық жалақыларын 30, 70, тіпті 100 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.   

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика