Адамзаттық капитал

ҚР ҚК Әскери қызметшілері Ленинградты қорғаған майдангер И.Иманқұловты 96 жасқа толуымен құттықтады (Фото)

Семей қаласының тұрғыны Исағали Топатаевты ҚР ҚК Әскери қызметшілері 96 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 26 Наурыз, 14:53

Осы аптада «Қызыл жұлдыз» орденінің, «Ленинградтың құрметті тұрғыны» атағының иегері, сол жан түршігерлік қоршаудың куәгері Исағали Иманқұлов 96 жасқа толды.

Майдангерді туған күнімен және Наурыз мерекесімен құттықтау мақсатында ҚР ҚК әскери қызметшілері – Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы полковник Бекжан Жақыпов пен оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстаржөніндегі орынбасары майор Дархан Шаянбаев барып қайтты.

Олар ақсақалға естелік сыйлықтарын тарту етіп, ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі, сонымен қатар ұрыстарда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін алғыстарын білдірді. Исағали Топатаев 1919 жылғы 19 наурызда Семей облысында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Исағали Аягөз бекетіндегі орта мектепте білім алады. 1941 жылдың маусымында майданға шақырылып, 1942-1943 жылдары саперлер взводының командирі болды.

1943 жылдың қаңтарында инженерлік-саперлерік батальонның алдында күрделі міндет қойылды – олар жолды миналардан тазартуы қажет болатын. Күннің суықтығы мен қарша бораған жау оғына қарамастан тапсырма орындалды, жау кейін шегінді. Бұл күрделі операция Ленинградты қоршаудан құтқаруға жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындағаны және көрсеткен ерлігі үшін инженерлік-саперлік взводтың командирі кіші сержант Исағали Топатаев «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды. Дегенмен, бұл награда оған 11 жыл өткеннен кейін табыс етілді.

Соғыс жүріп жатқан уақытта Исағали Иманқұловтың туыстары қара қағаз алды, бірақ дәрігерлердің арқасында аман қалған ол соғысты жалғастырды. Ол өзінің әскери мансабын 1947 жылы кіші лейтенант шенінде аяқтады. Қарулы Күштерде Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен қатысушыларына қолдау көрсетіліп, оларды назардан тыс қалдырмай келеді. Жеңістің 70 жылдығына орай әскери қызметшілер майдангерлерге арнап көптеген акциялар, әлеуметтік іс-шаралар, естелік сыйлықтар дайындап, қамқорлық көрсету жұмыстарын жалғастыруда.  
 





Яндекс.Метрика