EXPO-2017

Қарағандыдағы «Имсталькон» зауыты ЭКСПО нысандарының құрылысына қатысады

Қарағандыдағы «Имсталькон» зауыты ЭКСПО-2017 өрмесі нысандарының құрылысына қатыспақ, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК.
Астана қаласы26 Наурыз , 17:01

«Имсталькон» Қарағанды зауыты жаңа Қазақстан құрылысына белсенді қатысуда «Имсталькон Қарағанды металл құрылымды зауыты» ЖШС кез келген күрделілік жағынан ірі габаритті құрылымдарды дайындау бойынша еліміздегі көшбасшы болып табылады.

Ұлттық компания хабарлағандай, кәсіпорын металл құрылымды, соның ішінде жеке жобалар бойынша өнімдер жасай отыра, ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

«Қазіргі уақытта зауыттың жылына 30-35 мың тонна металл конструкциялар шығаруға мүмкіндігі бар. Ай сайынғы көлем 3 000 тонна металл құрылымды құрайды. Біздің өзіміздің құрылымдық бөліміміз бар. Өнімнің жеке түрлері бойынша біздің зауыт Қазақстандағы жалғыз өндіруші.

Негізінен, бұл - аспалы және әуелі көпір құрылымдары», - дейді «Имсталькон Қарағанды металл құрылымды зауыты» ЖШС Бас директоры Нұр Нұргалиев. Кәсіпорын Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы километрлік автожол ванталық көпірінің құрылысы үшін металл құрылымдарымен қамтамасыз етіп отырды. Жұмыстар жапондық жоба бойынша орындалды.

Құрылыстық металл құрылымдарын өндіру кезінде қазіргі металлөңдеу технологиялары қолданылады. Кәсіпорын ақпараттарына сүйенсек, осы жылға тапсырыстар қоржынында – Алматы қаласындағы мұз айдыны мен ҚТЖ- ға көліктік-логистикалық қоймалары. Зауыт Астанадағы жаңа теміржол бекетіне арналған металл құрылымдар дайындайтын болады. ЭКСПО-2017 объектілерін тұрғызуға қатысу туралы келісімдері

 




Яндекс.Метрика