Білім беру

2015-2016 оқу жылында мектепке дейінгі білімнің жаңартылған стандартын мақұлдау басталады - Жонтаева

2015-2016 оқу жылында мектепке дейінгі білімнің жаңартылған стандартын мақұлдау басталады, деп мәлімдеді ҚР БҒМ ақпараттық технологиялар, орта және мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.
Астана қаласы26 Наурыз , 11:21

«Бүгінгі таңда бастауыш білімнің мемлекеттік стандартын жаңарту жобасы толығымен келісілуде. Оқыту бағдарламасы дайындалып, талқыланды.  Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.   Білім және ғылым министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге мектепке дейінгі білім стандартының жобасын әзірлеуде»,- деді  Ж.Жонтаева Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында.

«Республиканың 30 пилотты мектебінде 2015-2016 оқу жылында  оқу бағдарламалары мен стандартты апробациялауды бастаймыз.  30 мектептің 20-сында мектепалды даярлық кластары бар, оларда да стандарт пен оқу бағдарламаларын апробациялау жоспарлануда», - деп толықтырды орта және мектепке дейінгі білім департаментінің директоры.

Республикада барлығы 8467 мектепке дейінгі мекеме бар, оларға 727,4 мың бала барады, қамту   - 78,6%. Республиканың 6 өңірінде балаларды қамту республика көрсеткішінен төмен: Алматы (62,9%), Маңғыстау (68,1%), Жамбыл  (70,9%), Оңтүстік Қазақстан (72,4%) облыстарында және Алматы (64,7%), Астана (63,1%) қалаларында, оларға 2020 жылы 100% мақсатты көрсеткішке жетпеу қаупі төніп отыр.  

Соған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде Ұлттық қор қаржысы есебінен жалпы сомасы 15,39 млрд теңгеге Маңғыстаудан басқа (2 балабақша) облыстарда 3 балабақшадан, ал басқа өңірлерде 1 балабақшадан салу қарастырылған.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика