Өңірлер

Жамбыл облысының КҚО-ы екі айда 375 кәсіпкерлік субьектісіне 1500-ге жуық тегін көмек көрсетті

Жамбыл облысының Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары 2015 жылдың екі айдында 375 кәсіпкерлік субьектісіне 1 мың 468 тегін қызмет көрсетті, деді осы аймақтың Кәсіпкерлер палатасының директоры Асан Қошмамбетов палатаның кеңейтілген отырысында.
Жамбыл26 Наурыз , 12:33

«Жамбыл облысының барлық 10 ауданында және Шу қаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды. Бүгінгі таңда оған келушілер саны күн санап артып отыр. Биылғы жылдың екі айында Жамбыл облысының Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында 375 кәсіпкерлік субьектісіне 1 мың 468 тегін қызмет көрсетілді. Бүгінгі таңда аталмыш орталықтарға келушілердің басым көпшілігі  немесе 80 пайыздан астамы мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға ниет білдіріп отыр»,-деді ол.

Облыс әкімінің мәліметтерінше, 2014 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша көрсетілетін тегін қызметті 693 субьекті алған. Оларға 2 мың 128 қызмет көрсетілген. Бұл алдындағы 2013 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп.  Осы жыл бойына кәсіпкерлерге 150 бизнес жоспар құруға көмек көрсетілген.  




Яндекс.Метрика