«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстанда 2017 жылға дейін апатты және үш ауысымды мектептердің орнына 73 мектеп салынады - БҒМ

Қазақстанда 2017 жылға дейін апатты және үш ауысымды мектептердің орнына 73 мектептің құрылысы қарастырылған, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы26 Наурыз , 10:50

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге Ұлттық қор қаржысы есебінен апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында салынатын мектептер санын анықтады. 

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол- Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауы аясында жүргізілген жұмыстары нәтижесінде 2015-2017 жылдары 61,9 млрд теңгеге Ұлттық қор қаржысы есебінен 73 мектептің құрылысы жоспарланып отыр», - деді Е.Иманғалиев.

Атап айтсақ, 2015 жылы 14,3 млрд теңгеге, 2016 жылы - 23,09 млрд теңгеге,  2017 жылы  24,5 млрд теңгеге мектеп құрылысы қарастырылған.

Осылайша, вице-министр атап өткендей, үш ауысымды оқуды жою үшін Ұлттық қор есебінен 57, апатты мектептердің орнына 16 мектеп құрылысы қарастырылған.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика