Өңірлер

Ақтөбеде Наурыз мейрамы жылдың атаулы мерейтойлары ұранымен өтті

Ақтөбеде «Армысың, ұлы Наурыз!» атты мерекелік шаралар үш күнге жалғасты - еңбек ұжымдарында, оқу мекемелерінде, тұрғылықты жерлерде және соңғы күні - мәдениет мекемелерінде, қаланың алаңдары мен мәдениет және демалыс саябақтарында өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе26 Наурыз , 15:09

«Биылғы жылы наурыз мерекесі елдегі және аймақтағы жылдың атаулы мерейтойлары ұранымен өтті - биылғы атаулы күндер -  Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығы», - делінген хабарламада.

Танымал тарихи есімдер - Әбілқайыр хан, Қобыланды батыр, Әйтеке би, Бөгенбай батыр, Есет батыр ауылдары, сондай-ақ «Достық» және Әлия ауылдары ұйымдастырылды. Шығыс халықтарының этнобірлестіктері көктем мен жаңарудың тамаша мейрамының қонақтарын өздерінің салт-дәстүрлерімен қарсы алды, бұл Ұлыстың Ұлы күнінің ұлттық алуантүрлілігін көрсетті.

Тігілген киіз үйлерде ақтөбеліктер наурыз көже ішіп, бауырсақ, түрлі ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Қаладағы 24 дәмхана мен мейрамхана мереке қонақтарына арнап 3 тоннадан астам бауырсақ және 1000 литр наурыз көже әзірледі.

Архимед Мұхамбетов ақтөбеліктерді жалпыхалықтық мейраммен шын жүректен құттықтап, шығыс күнтізбесі бойынша келіп жеткен Қой жылының әр отбасына, Қазақстанға табыс пен амандық, бейбітшілік пен келісім әкелуін тіледі.

Сөз соңында аймақ басшысы биыл атап өтілетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңызын атап өтіп, мерекеге қатысқан бір топ соғыс ардагерлеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медальдарын табыстады. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика