Ұлтаралық бірлік

Атбасарға «Менің Қазақстаным» пойызы келді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" пойызы Ақмола облысының Атбасар ауданына келіп тоқтады. Атбасар халқы пойыз жолаушыларын шашу шашып, құрметпен қарсы алды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола26 Наурыз , 12:52

Атбасар 1845 жылы құрылған қала, биыл 170 жылдық мерейтойы. Мұнда 70-тен астам ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүруде. Бүгінгі таңда аудандағы кәсіптік өндірістер 12 млрд теңге, ауыл шаруашылығы 11 млрд теңге табыс әкелуде. Бүгінгі күні Атбасарда 8 мектеп 3 колледж бар.  Сонымен қатар 2000 адамды жұмыспен қамтып отырған электровоз жөндеу зауыты жұмыс істейді.

25 наурызда Солтүстік-Қазақстан облысынан келген поезд Атбасар қаласына келіп тоқтады. Жалпы «Менің Қазақстаным» пойызы өзінің сапарын 23 наурызда Астана қаласынан бастаған, енді ол 22 сәуірге дейін ол қазақстандық бекеттердің 27 аялдамасына тоқтайды.

Акция шеңберінде қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауының жұмысы ұйымдастырылды. Оған қоса келесі іс-шаралар болып өтті: семинар-тренингтер, әлеуметтік, заңгерлік, дәрігерлік, мемлекеттік қызмет ұсыну, бизнес және ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша кеңестер.  

Ал делегация жетекшісі Ғазиз Телебаев пойыз жолаушыларын үлкен құрметпен қарсы алған аудан халқына алғысын білдіре келіп:"Біз кеше Тайынша қаласында болып, бүгін міне Атбасарға ат басын тіреп отырмыз. Біздің пойызда бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін адамдар келді. Біріншісі, ҚХА мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, олар осы Ассамблеяның 20 жылдығы туралы дəріс оқып, сіздерге ақпарат беретін болады. Екінші топ - дəрігерлер, олар халыққа медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, əлеуметтік қолдау саласының мамандары да бар. Одан кейін Ескендір Хасанғалиев ағамыз бастаған бір топ өнер майталмандары бар", - деп атап өтті ол.

 

 




Яндекс.Метрика