Ұлтаралық бірлік

Көкшетауда «Бірлік - тірліктің бастауы» атты көрме өтті

Көкшетауда Балалардың бейнелеу өнері мектебі оқушыларының шығармашылығының көрмесі өтті, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола26 Наурыз , 11:13

Шараны Ақмола облыстық дін істері басқармасының құзырындағы «Консфессияаралық қатынастарды дамыту мен талдау орталығы» ұйымдастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Бірлік-тірліктің бастауы»  атты көрме Достық үйінде өтті.  

Шараның мақсаты – елімізде конфессияаралық келісімді нығайтып, жастарды шығармашылық және өнер арқылы рухы биік, адамгершілікке қасиеттерге бай азамат етіп тәрбиелеу. Қазақстанда бүгінгі таңда 130-дан астам этникалық және 18 конфессиялық топ бар. Бүгінде әлем мойындап отырған Қазақстанның конфессияаралық келісімінң үлгісі гуманизм ұстанымдарына, өзара құрмет пен патриотизмге және азаматтық жауапкершілікке негізделген.   

Хабарламада сондай-ақ, бүгінгі таңда жастарды еліміздің басты құндылықтары бірлік, бейбітшілік пен келісімді бағалай білуге тәрбиелеу өте маңызды екендігі айтылған.       

 




Яндекс.Метрика