Ұлтаралық бірлік

Ақтаулықтар ҚХА эстафетасының нышаны «Тайқазанды» Атырау облысының тұрғындарына берді

Ақтауда «ҚХА-20 игі іс» республикалық эстафетасының нышанын Атырау облысының тұрғындарына беру салтанаты өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері.
Маңғыстау 26 Наурыз, 10:08

Ақтауда аталмыш эстафета бірнеше күн қатарынан жүргізіліп, жаңа игіліктермен толықты. Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, қайрымдылық шараларын ұйымдастыру болатын. 

«Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық тарихи даталар кезінде осы аймақтағы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін насихаттау ісіне белсенді атсалысуына ықпал етеді. ҚХА-ның жылы әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қайрымдылық шаралары аясында өтіп, біз қазір көмекті қажет ететін отбасылар мен ардагерлерге қол ұшын созудамыз»,- деді Маңғыстау облыстық ҚХА-ы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Есмурзина.

Маңғыстау облыстық ҚХА-ның құрамында бүгінгі таңда 21 этномәдени бірлестік бар және олар мұнда білім беру, ұлттық мәдениеттер мен салт-дәстүрді дамыту және этникааралық қатынастарды нығайту сияқты өзге бірқатар мәселелермен айналысуда.   

 

   

 





Яндекс.Метрика