Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды -ОСК

2015 жылдың 26-шы сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 25-ші наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Наурыз , 18:32

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды табыс етпеуіне байланысты ҚР ОСК-ы Лимана Қойшиеваны, Қанат Сбашұлы Турагелдиевті, Жарылқап Сейдләұлы Қалыбай мен Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулылар қабылдады»,-делінген хабарламада.  

Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты тіркеді.

26 наурыздан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісуге құқылы. 

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы қаулы қабылдады. 

Сайлау заңнамасына сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың теледидардан он бес минуттық, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi. 

«БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін кандидаттарға бөлінетін сомалардың есебі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрілігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті ұсынған қолданыстағы бағаларға сәйкес жүргізілді. Теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуіне кандидаттарға 5 250 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Радиодан өз бағдарламасымен он минуттық сөз сөйлеуіне әрбір канидатқа 200 000 теңге, баспа басылымдарында екі мақала жариялауына әрбір кандидатқа 810 000 теңге бөлінеді»,-деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға 200 000 теңге, үгіт материалдарын басып шығаруға 250 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Тіркелген әрбір кандидаттың көліктік шығыстарына берілетін қаржы 300 000 теңге. Сондай-ақ ОСК Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша 25-ші наурызда тағы 9 халықаралық байқаушыны тіркеді.

Олардың 5-уі ТМД-дан келген байқаушылар Миссиясының өкілі (екеуі Беларусь Республикасынан және үшеуі Тәжікстан Республикасынан), 4-уі - шет мемлекеттердің өкілі (Канада, Литва, Финляндия мен Чехия Республикаларынан бір-бірден). 
 

 




Яндекс.Метрика