Адамзаттық капитал

Н.Назарбаев ҚР Мемлекеттік органдардың өкілдеріне Францияда апатқа ұшыраған ұшақта мерт болған азаматтардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

Елбасы Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Наурыз , 15:02

Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты.

«Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың мәйіттерін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі 24-ші наурыз күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Germanwings әуе компаниясының ұшағының бортында 3 қазақстандық азаматтың болғандығын хабарлаған.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтары 1965 жылы туылған Иманғалиев Ербол Базаралиновичтің, 1966 жылы туылған Исенғалиева Айжан Сарымовнаның және 1989 жылы туылған Иманғалиев Әділ Ерболовичтің 24-ші наурыз күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Germanwings әуе компаниясының ұшағында мерт болғандығын растайды",-делінген хабарламада.

Germanwings, әуе компаниясының апатқа ұшырауына байланысты Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге және Германияның Федеральды канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика