Евразиялық одақ

ЕАЭО одаққа мүше елдердің ветеринария саласына жауапты орган жетекшілерінің кеңесін құрады

Еуразиялық экономикалық комиссияның санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар жөніндегі департаментінің директоры Олег Арнаутовтың төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының мәжілісінде одаққа мүше елдердің ветеринария саласына жауапты басшыларының кеңесін құру туралы шешім қабылданды, деп хабарланды Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында.
Әлемде26 Наурыз , 09:51

Мәжіліске қатысушылар мұндай кеңестің қажеттігін растап, сыртқы сауда барысында ветеринарлық-санитарлық шараларды қолдану кезінде осы салаға жауапты мамандардың бірлескен қимылдарының тиімділігін арттыру маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ жиында арнайы комиссия дайындаған ЕАЭО-қа мүше елдердің ветеринария саласы басшыларының кеңесін құрудың ережесінің жобасы көпшілік тарапынан қолдау тапты. 

Сонымен қатар, мәжілісте үшінші елдердің кәсіпорындарын арнайы тізімге енгізу және осы тізімге енгізу барысында өзара ақпарат алмасу, ЕАЭО-тың сыртқы шекарасындағы жағдайды бірлесіп бақылау сияқты мәселелер де сөз болды.    

«Одақ аймағын ЕАЭО заңнамаларына қайшы келетін тауарларды Беларусь пен Қазақстан мемлекеттеріне өткізу кезінде ветеринарлық мақсаттарға пайдаланылатын қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге  қатысты өзекті мәселелер талқыға түсті. Сонымен қатар мәжіліске қатысушылар әлемнің үшінші мемлекеттерінде дайындалған және Ресей аймағына жіберуге тыйым салынған шошқа етін Қазақстаннан Ресейге жібермеу мәселесін  де пысықтады»,-делінген хабарламада.  

Құзырлы органдардың басшылары орын алуы ықтимал әртүрлі қауіптердің алдын алу үшін халықаралық талаптар негізінде дайындалған ветеринария саласындағы тәуекелдерді бағалаудың бірыңғай әдістемелігі мен тәртібі болуы қажеттігін өзекті мәселе ретінде атап өтті.  Бұл тақырып, комиссияның 2015-2016 жылдарды қамтитын санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар жөніндегі зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізілмек.

  

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика