EXPO-2017

Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды – ҚР СІМ

Наурыздың 23-і мен 24-і аралығында ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Жапонияға сапарлады.
Әлемде25 Наурыз , 10:04

Токиода Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Такаши Утомен, Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Норихико Ишигуромен, Жапонияның «JATA» туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Тацура Накамурамен, Жапонияның «JETRO» сыртқы сауда ұйымының президенті Соичи Йошимурамен, Жапонияның «Nippon Keidanren» экономикалық ұйымдар Федерациясының вице-төрағасы  Норио Сасакимен және өзге де азаматтармен кездесу өтті, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығының жоғары деңгейде екендігін жеткізіп, 2015 жылы екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету бағытында Жапонияның Премьер-Министрі Шинзо Абэнің Қазақстанға сапарын ұйымдастырудың маңызды екендігін атап өтті.

Бұған қоса, Р.Жошыбаев жапониялық әріптесіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның Премьер-Министрі Ш.Абэге жолдаған Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілдігіне кандидатурасын қолдау жөніндегі жолдауын жеткізді.

Жапонияның Экономика, сауда және индустрия вице-министрі - Қазақстан мен Жапонияның Мемлекеттік және жеке секторлар жөніндегі бірлескен комиссиясының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тең төрағасы Н.Ишигуромен  болған кездесуінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Токиода 2015 жылы өтетін бірлескен комиссияның 6-шы мәжілісіне дайындық, ЭКСПО-2017 көрмесіне корпоративті қатысушыларды дайындау жөніндегі мемлекеттік профильді органдардың, әсіресе энергетикалық, машинақұрылысы және экономиканың технология секторында жұмыс істейтін өкілдердің өзара байланысын ортаға салды.   

Р.Жошыбаев ЭКСПО-2017-нің Қазақстан Республикасының жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ғылыми әлеуетін көрсететін тиімді алаң болатынын және осы салада көпбағытты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті. 




Яндекс.Метрика