Ұлтаралық бірлік

ҚХА-ның жылына байланысты «Менің Қазақстаным» пойызы жолға шықты (ФОТО)

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына байланысты республикалық «Менің Қазақстаным» пойызы жолға шықты.
Астана қаласы 23 Наурыз, 16:48

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы бірлік пен ынтымақтың, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының 1 жылға толған кезі. Соңғы 1,5 жылдың өзінде ғана Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мәселесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 20 мемлекеттің өкілі болып қайтты. Бейбітшілік пен келісім бүгінгі таңда күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі»,-деді  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

Кең ауқымды әлеуметтік акцияның басты мақсаты-Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясын насихаттау, мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша ақыл-кеңестер беру.

«Менің Қазақстаным пойызы» 30 күндік сапарында еліміздің  аймақтарындағы 29 елді мекенінде болып, Астанаға 22-ші сәуір күні келеді. Пойыз қызметі барлық әлеуметтік топтағы азаматтарды қамтитын болады. Олар әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еліміздің шет аймақтарда орналасқан тұрғындарына көбірек көңіл бөледі.  

Пойызда мәдениет пен спорт майталмандары, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері мен банк өкілдері бар. Осы күні және осы акция аясында Астана стансасынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қатысуымен «Саламатты Қазақстан» атты тағы бір пойыз жолға шығады. Ол пойыздың қызметі еліміздің  шет аймақтарында орналасқан стансалар мен разъездердегі тұрғындарға заманауи медициналық қызмет көрсету. Яғни осы пойыздан мыңдаған адамдар денсаулық жағдайын тексертіп, ем алып, қажетті ақыл-кеңестер алатын болады. Тап осындай мақсатпен «Алматы» мен «Ақтөбе» стансаларынан батыс және оңтүстік өңірлерге «Денсаулық» жэәне «Жәрдем» атты екі «денсаулық пойызы» шығады.  

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев

   





Яндекс.Метрика